Медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады
Бүгін ҚР Президенті Мемлекет басшысының физикалық зорлық-зомбылық жасағаны және медицина қызметкерлеріне қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленген Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізу туралы Заңға қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Заң жобасы Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушілерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қол сұғушылық үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жаңа бапты енгізуді көздейді.
Ұсынылған нормаларға сәйкес:
* зорлық-зомбылық қолданамын деп қорқытқаны үшін 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 300 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді;
• ауырлататын мән-жайлар кезінде көрсетілген әрекеттерді жасаған кезде жаза қатаңдатылады және 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе шектеуді құрайды;
* өмірге және (немесе) денсаулыққа қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолданған кезде 500-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар не 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді;
* өмір мен денсаулыққа қауіпті зорлық-зомбылықты қолдану 5 жылдан 10 жылға дейін, ал ауырлататын жағдайлар болған кезде 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұдан басқа, заң жобасында мыналарды бекіту көзделеді
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде осы санаттағы істер бойынша алдын ала тергеу және анықтау жүргізу жөніндегі ішкі істер органдарының құзыреті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке физикалық күш қолдану және қатыгездік көрсету арқылы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған заңнамаға өзгерістер әзірлеуді тапсырған болатын.
Президент медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен әл-ауқатына нұқсан келтіретін мұндай оқиғалардың «Заң және тәртіп» қағидаттарына сәйкес құқықтық салада қатаң түрде жолын кесу керектігін атап өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан бастап Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, мейіргерлерге және денсаулық сақтау жүйесінің басқа да қызметкерлеріне шабуыл жасаудың 280-нен астам фактісі және биыл ғана-58 факт тіркелді.
Бұған дейін Қазақстанда ұлттық жобаның шеңберінде барлық 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталатынын жаздық.