«Медеу» маңындағы 288 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 10:48
Думан Аманжол Думан Аманжол
«Медеу» маңындағы 288 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды
Фото: pexels.com

Алматыда прокуратураның араласуымен «Медеу» өңірлік табиғи паркіне іргелес жатқан жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Қадағалау барысында жалпы аумағы 288 гектар болатын екі жер телімі жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды.

Даулы жерлер ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерлерге жатады және сатып алуға жатпайды.

«Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы негізінде сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сонымен қатар, Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды», - делінеді хабарламада. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 17 млрд теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды.

Еске салсақ, Атбасарда кәсіпкерлерге тиесілі 60 млн теңге прокуратураның араласуымен қайтарылды