Мәжіліс депутаты Қазақстанда Жол қорын құруды ұсынды

Мәжіліс депутаты Қазақстанда Жол қорын құруды ұсынды
Фото: ҚазАвтоЖол

Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков жол инфрақұрылымындағы апаттылық пен жолдардың тозуын жүйелі шешуге мүмкіндік беретін тұрақты қаржылық механизм — Жол қорын құруды ұсынды. Ол бұл туралы Премьер-Министрге депутаттық сауалында атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутат жол-көлік апатына қатысты ресми деректерді ұсынды. Былтыр елімізде осындай 36 мыңнан астам оқиға тіркелген. Апат салдарынан 51 мыңнан астам адам зардап шегіп, 2,5 мың адам қаза тапқан. Ең қауіпті жол-көлік апаттары елден тыс, трассаларда жиі болады. Өйткені жол инфрақұрылымының нашарлығы өмір қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

«Бүгінде автокөлік саласы қаржы тапшылығы мәселесімен бетпе-бет келуде. Жыл сайын қажетті қаржы мөлшері шамамен 1,9 трлн теңге, ал нақты бөлінетін қаражат тек 1 трлн теңге. Республика бюджетінен жалпы пайдалануға арналған автожолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға жыл сайын шамамен 44 млрд теңге бөлінеді. Бұл ағымдағы жүктеме мен жолдың тозуын толық жаба алмайды», - деді . Нәтижесінде — тасымал көп жолдар, жабынның тез бұзылуы, қысқы күтімдегі қиындықтар, өткізу пункттерінде кептеліс және транзиттік әлеуеттің төмендеуі байқалады», - деді Олжас Құспеков.

Депутаттың айтуынша, жыл сайынғы жол салу мен реконструкция мәселелерді жүйелі шешпейді, өйткені қаржыландыру бюджет циклдеріне тәуелді. Қазақстанға Жол қоры қажет — ашық, мақсатты және ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ететін тұрақты механизм. Ол республикалық жолдарды салу, күтіп ұстау және жаңғыртуға бағытталады.

«Халықаралық тәжірибе мұндай тәсілдің тиімділігін растайды. Мысалы, Highway Trust Fund жыл сайын 40–50 млрд доллар жинайды. Германияда жол төлемдері жылына 8–9 млрд доллар, ал Польшада Ұлттық жол қоры шамамен 5–6 млрд доллар береді. Өзбекстанда сала тұрақты түрде жылына 200 млн доллар деңгейінде қаржыландырылады. Барлық жағдайда жүйелі және бекітілген қаржыландыру көздері жұмыс істейді», - деді ол.

Оның пікірінше, Жол қорын құру жүйелі инфрақұрылым дамуына өтуге, қауіпсіздікті арттыруға және елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетсек, БҚО-да жол жөндеуге бөлінген бюджет қаржысының 56,5 млн теңгесін жымқырғандар әшкереленді