Мақсат Елемес: Орман өрттерін сөндіруге 2,5 мың техника дайын тұр
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мақсат Елемес табиғатты қорғау және орман мекемелері дайындыққа келтірілгенін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Тартылған күштер саны мемлекеттік орман күзетінің шамамен 7 мың адамын құрайды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша - 4,2 мың адам, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - 3,4 мың адам. Орман және дала өрттерін сөндіру үшін 2,5 мыңнан астам техника, оның ішінде 681 өрт сөндіру автомашинасы, 600 шағын орман өрті кешені, тіркеме жабдығы бар 1 200-ден астам трактор, сондай-ақ 77 мың құрал-сайман тартылады», – деді спикер ОКҚ алаңында.
Сонымен қатар, орман иеленушілер 1 мың тоннадан астам дизель отыны мен 892 тонна бензин көлемінде жанар-жағармай қорын толығымен қалыптастырды. 327 орман өрт сөндіру станциясы жұмыс істейді.