Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияға құжат қабылдау басталды
2026 жылға арналған мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындау конкурсына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аталмыш стипендия отандық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тағайындалады. Бұл қолдау өнерпаздардың кәсіби шеберлігін арттыруға, еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді», делінген хабарламада.
Байқауға мәдениет пен өнер саласының өкілдері қатысады. Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады.
Құжатты тапсыру тәртібі, қажетті материалдар тізімі, қабылдау мерзімі мен байқау талаптары туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы білуге болады.
Еске салсақ, тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды.