Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенат қабырғасында блогер Жанабыловтардың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Елемесовтің айтуынша, Жанабыловтарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Қазіргі уақытта қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды», - деді ҚМА өкілі.
Ол тергеу амалдары екі айға дейін созылуы мүмкін екенін айтты.