Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери полиция басқармасының бастығы полковник Берік Сүлейменов және 6505 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы жауынгер Әли Шәкенов қызметтік міндеттерін орындау барысында ерлік көрсетті.
Оқиға Қарағанды қаласы Новорадская көшесі бойындағы Бұқпа көлінің маңында болған. Көлдің ортасында қайығы жарылып, суға батып бара жатқан балықшыны байқап қалған. Әскери қызметшілер дереу көлікке арналған тросты пайдаланып, азаматқа лақтырып, оны жағаға тартып шығарып, өмірін аман алып қалды.
«Азаматты жағаға шығарып алғаннан кейін дереу үстіндегі киімін шештіріп, көлікке отырғыздық, сөйтіп, оның денесін жылыттық әрі денсаулығын бақылап отырдық», - деді қатардағыдағы жауынгер Әли Шәкенов.