ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры лауазымына Күміс Сейітова тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Күміс Сейітова Қарағанды облысында дүниеге келген.
Жезқазған педагогикалық институтын, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетті және «Болашақ» академиясын бітірген.
2004-2023 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Бүгінге дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2024 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.