Креативті индустрия өкілдері жаңа Конституция жобасын талқылады
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері отандық креативті индустриясы саласында жұмыс істейтін креаторлармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жиында жаңа Конституция жобасы және оның креативті сектор үшін маңызы сөз болды. Конституция деңгейінде алғаш рет зияткерлік меншікті қорғау бекітілмек. Бұл креативті экономика елдің тұрақты дамуына әсер ететін маңызды салаға айналғанын көрсетеді.
Кездесуде сондай-ақ 2026-2030 жылдарға арналған креативті индустрияны дамыту тұжырымдамасының жобасы қаралды. Құжат мемлекеттің креативті сектормен өзара байланыс стратегиясын айқындауға бағытталған.

Кездесу аясында елдің креативті экономикасын дамыту жөніндегі негізгі тәсілдер мен жоспарлар түсіндірілді.
Еске салайық, Мемлекет басшысы референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.