Конституция азаматтардың өмір сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады – Азамат Белгібаев
Әрбір астаналыққа спорт қолжетімді! Бұқаралық спорт жарыстары, фитнес бағдарламалары және мемлекеттік бастамалар тұрғындардың денсаулығын нығайтып, қоғамды біріктіреді. Бұл – тек қозғалыс емес, мықты әрі бірлікке негізделген қаланың іргетасы. Мұндай пікірді Астана қаласы әкімдігінің, «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» басшысы Азамат Белгібаев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бұқаралық спорт – бұл азаматтардың белсенді өмір салтына ұмтылуы, жастардың дамуы мен әлеуметтің бірлігін нығайтуға арналған құрал. Жаңа Конституцияның негізгі принциптері спорт пен дене шынықтыруды дамытуға, әрбір азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының редакциясын қолдаймын. Конституция елге тұрақты даму, әлеуметтік келісім және азаматтардың өмір сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Спорт арқылы қоғамда теңдік, өзара қолдау және жауапкершілік сезімдері қалыптасады. Әрбір астаналық тек денсаулығын күшейтіп қана қоймай, қоғамға оң әсерін тигізеді, ұлттық құндылықтарды сақтап, бірліктің символына айналады. Жаңа Конституция мен бұқаралық спорт – мықты Қазақстанның іргетасын бекітіп, әрбір азаматтың болашағын жарқын ету жолындағы басты тірек болып есептеледі», - деді Азамат Белгібаев.
Еске салсақ, жақында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланған болатын.