Көлік нөміріне балшық жағып қойған жүргізуші жауапқа тартылды

Бүгін, 10:58
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Көлік нөміріне балшық жағып қойған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушлерді анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жүргізуші қалааралық жолаушы тасымалдайтын Mercedes Sprinter автокөлігінің алдыңғы және артқы тіркеу нөмір белгілерін қағазбен жауып, оларды әдейі жасырған.

Сондай-ақ Geely Atlas көлігінің жүргізушісі нөміріне балшық жағып, жасырып қойған», - делінген хабарламада.

Осылайша жүргізушілер жауапкершіліктен қашып, жол қозғалысы ережесін бұзғаны бейнебақылау камерасында тіркеліп қалмауы үшін жасаған.

Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес сот шешімімен бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 3 және 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Көліктер айып тұрағына қойылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында 50 адам мінген автобус аударылып, төрт адам қаза тапқанын жаздық.