Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды

15 сәуір, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды
Фото: freepik.com

Алматы прокуратурасы қадағалау қызметі шеңберінде ауданы 4,2 га жер учаскесінің жеке меншікке заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Даулы жер учаскесі сауықтыру мақсатындағы жерлерге жатады және экологиялық желінің элементі болып табылады.
 
Алатау ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты.
 
Бірінші сатыдағы шешімді Алматы қалалық сотының сот алқасы күшінде қалдырды.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 2 млрд теңгеден астам даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Еске салайық, бұған дейін «Медеу» маңындағы 288 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылғаны туралы жаздық.