Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Түркиядан экстрадицияланды
26 қыркүйек, 2024
фото: polisia.kz
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған әйелді қолға түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті Анталья қаласында ұсталған.
Ол 2009 жылы Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген. Ақшаны алу кезінде әйел екінші қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, алаяқтық әрекетке барған.
Ұсталған әйел Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта қамауда.
Ұқсас жаңалықтар
10 сәуір, 2026
Түркістандық диқандар 45 күнде қырыққабаттың алғашқы өнімін жинай бастады
9 сәуір, 2026
Олжас Бектенов Абай облысындағы индустриялық жобалармен танысты
9 сәуір, 2026
Министрлік америкалық блогерді ведомство арнайы шақырды деген ақпаратты жоққа шығарды
9 сәуір, 2026
Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері ЖИ бойынша білім алады