10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Грузия Қазақстан азаматтарына барынша қолайлы жағдай жасайды

|
Photo: Фото: gov.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Грузия Қазақстан азаматтарына барынша қолайлы жағдай жасайды

|
Photo: Фото: gov.kz

Қазақстан мен Грузияның сыртқы істер министрліктері арасында қос тараптың тиісті органдар өкілдерінің қатысуымен кезекті консулдық консультациялар өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесу аясында қазақ тарапы Грузия аумағына барған кезде ҚР азаматтарына кіруге жиілеп кеткен бас тартулар мен олардың кейіннен елден шығарылу жағдайларына алаңдаушылық білдірді. Бұл ретте Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Грузияға туристік мақсаттармен баратыны және қабылдаушы елдің заңнамасын берік сақтайтыны аталып өтті.

Өз кезегінде грузин тарапы осы жылдың мамыр айының басынан бастап Грузияға кіруден бас тарту фактілерінің айтарлықтай төмендегені туралы хабарлап, бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасатынына сендірді, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының Грузия аумағына кіруі мен болуына барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗