Гауһар тасты әшекейлер ұрлығын жедел ашқан полицейлерге Тараз тұрғыны алғыс айтты
Тараз қаласындағы пәтерден 11 алтын әшекей бұйым, оның ішінде гауһар тастары бар қымбат бағалы зергерлік зат ұрланған, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция іздестіру барысында пәтер ұрлығын жасады деген күдіктінің аты-жөнін анықтады. Күдікті Алматы қаласында жасырынып жүрген жерінен ұсталды.
Ұрланған зергерлік бұйымдардың барлығы табылып, иесіне қайтарылды.
«Полиция қызметкерлерінің жылдам әрі кәсіби жұмыс істегеніне таңғалдым. Күдікті басқа қалада жүргеніне қарамастан, олар оны жедел анықтап, барлық әшекейлерімді қайтарып берді. Атқарған еңбектері үшін шын жүректен алғысымды білдіремін», - деді Тараз қаласының тұрғыны.
Ол Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаевтың атына алғыс хат жолдап, пәтер ұрлығын жедел ашып, ұрланған зергерлік бұйымдарын қайтарып берген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.
Еске сала кетсек, 185 млн теңгенің криптовалютасын өндірген теміртаулық кәсіпкер сотталды.