185 млн теңгенің криптовалютасын өндірген теміртаулық кәсіпкер сотталды

185 млн теңгенің криптовалютасын өндірген теміртаулық кәсіпкер сотталды
Фото: ҚМА

Қарағанды облысының Теміртау қаласында цифрлық активтерді заңсыз өндіруге қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қаржылық монторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеуді агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді.

Э.Толовов 2021 жылы тамыз айынан бастап тиісті лицензиясыз жасырын криптоферма ұйымдастырған. Ол схеманы жүзеге асыру үшін Ресейден 156 майнинг жабдығын сатып алып, оны өзінің өндірістік базасына орналастырған.

Кәсіпкер өндірген цифрлық активтерін криптобиржадағы аккаунтында жинап, кейін оларды «BinancePool» және «Litecoinpool.org» майнинг пулдары арқылы сатқан. Сауда P2P-аударымдар арқылы USDT теңгеге айырбасталған. Жалпы өндірілген активтердің көлемі 11,2 BTC және 90,2 LTC, бұл шамамен 185 миллион теңге.

Сот үкімі бойынша оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, барлық майнинг жабдықтары тәркіленді. Сонымен қатар, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 185 миллион теңге қайтарылды.

Еске сала кетсек, Астанада «Sirius Energy» қаржы пирамидасы жарнаны криптовалютамен жинаған.