Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына қайта тағайындалды

Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі лауазымына қайта тағайындалды
Фото: Энергетика министрлігі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды., деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.                                         

«Әділет» жоғары құқық мектебін, «Астана» университетін бітірген.

2002–2004 жылдары — «Қазмұнайгаз» сауда үйі» ЖШС Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің бас маманы, бас менеджері, директоры.

2004–2006 жылдары — «Chevron Texaco Global Trading» шикі мұнай трейдері, Сингапур қаласындағы «KazMunaiGaz Singapore» директоры. 

2006–2008 жылдары — «Қазмұнайгаз» сауда үйі» АҚ Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры.

2008–2010 жылдары — «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС коммерциялық директоры.

2011–2012 жылдары — «ҚазМұнайГаз өнімдері» АҚ бас директорының кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз Қайта өңдеу және маркетинг» АҚ Мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры. 

2013–2014 жылдары — Rompetrol Bulgaria бас директордың орынбасары, бас директоры, Болгария.

2015–2016 жылдары — KMG International (Rompetrol) мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директор, бөлшек сауда жөніндегі бас директор, бас директордың кеңесшісі, Румыния.

2016–2020 жылдары — мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

2022–2023 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының басшысы.

2023–2025 жылдары — Энергетика вице-министрі.

2025 жылғы 19 наурызынан бері Энергетика министрі және министрдің м.о. болды.