17.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Емханаларда 660 жедел жәрдем бөлімшесі ашылды – ДСМ

|
Photo: Денсаулық сақтау министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Емханаларда 660 жедел жәрдем бөлімшесі ашылды – ДСМ

|
Photo: Денсаулық сақтау министрлігі

Емханаларда 660 жедел жәрдем бөлімшесі ашылды. Олар дәрігерлермен 73,2%,  мейіргерлермен және фельдшерлермен 100% қамтылған. Пациенттерге қажетті көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, биылдан бастап тіркелген халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету ұйымдардың жұмыс уақытында сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін МСАК-қа берілді. Ол үшін 995 мобильді бригада жұмыс істейді. Бұл жедел жәрдем қызметтерін едәуір жеңілдетіп, үйдегі қоңырауларға қызмет көрсетуді тездетеді.

«Емханалардағы жедел жәрдем кабинеттері денсаулық сақтау жүйесінде маңызды рөл атқарады. Олар жедел жәрдем келгенге дейін өмірге қауіп төнбеген кезде жедел жағдайларда пациенттерді алғашқы зерттеп-қарауды және емдеуді қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Жиынтықта барлық өзгеріс МСАК дәрігерлерінің қолжетімділігін арттыруға және қабылдауды күту мерзімін 2-3 күнге дейін қысқартуға бағытталған.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңартылған стандартын бекітті. Негізгі өзгеріс – жалпы практика дәрігерінің жұмыс күнінің жаңа ережесі. Яғни ЖПД жұмыс күні қазір 8 сағатты құрайды. Оның 6 сағаты пациенттерді қабылдау, ал 2 сағаты құжаттаманы рәсімдеу және жоспарлы сапарларға арналған.

«Бұл режим қабылдау сапасын арттыруға және дәрігерлерге жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. 2027 жылға қарай барлық МСАК ұйымдары жалпы практика қағидаттарына көшеді. Терапевттер мен педиатрлар мобильді және мультидисциплиналық топтардың құрамына кіретін бейінді мамандар ретінде жұмыс істейтін болады», - деді ведомстводан.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗