24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық колледж наубайшылары халықаралық фестивалде алтын медаль иеленді

|
Photo: Астана әкімдігінің Технологиялық колледжінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық колледж наубайшылары халықаралық фестивалде алтын медаль иеленді

|
Photo: Астана әкімдігінің Технологиялық колледжінен

Қазақстандық наубайшылар әлемдік гастрономия аренасында тағы да өз шеберлігін дәлелдеді. Биыл алтыншы рет өткен беделді GASTRO ANTALYA халықаралық фестивалінде Астана қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінің командасы «Нан пісіру ісі» номинациясында алтын медаль иеленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

GASTRO ANTALYA бүгінде 25 елден 4 мыңнан астам маманды біріктіретін, гастрономия саласындағы ең танымал байқаулардың бірі. Әр қатысушы ұлттық дәстүрді, жаңа технологияларды және заманауи тәсілдерді үйлестіре отырып, өз елінің деңгейін көрсетеді.

Осы беделді додада Қазақстан намысын колледждің өндірістік оқыту шебері Байжігіт Болысхан мен студент Ләззат Асланқызы қорғады. Олардың жұмысы дәлдік, кәсібилік және шығармашылық көзқараспен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Нәтижесінде астаналық команда әлемнің әр түкпірінен келген мықтыларды артта қалдырып, бірінші орынға ие болды.

Бұл жеңіс Технологиялық колледж үшін де, елдегі кәсіптік білім беру жүйесі үшін де үлкен мәртебе.

Колледж директоры Ляззат Разбекова дайындықтың қалай өткенін және бұл жетістіктің маңызы жөнінде бөлісті.

«Біз әлемнің үздік наубайшыларымен бір сахнада өнер көрсететінімізді білдік. Сондықтан күнделікті жаттығулар өте қарқынды өтті. Байжігіт Болысхан мен Ләззат Асланқызының еңбегі – олардың шынайы табандылығы мен ұқыптылығының дәлелі», — дейді директор.

Ол бұл жеңіс колледждегі жүйелі, практикаға бағытталған оқытудың нәтижесі екенін атап өтті.

«Біз студенттің тек технологияны тануы емес, оған шығармашылықпен қарауын, бәсекеге төтеп бере алуын маңызды санаймыз. Халықаралық ареналарда шыңдалу – үлкен тәжірибе», - деді Л.Разбекова.

Разбекованың айтуынша, биылғы GASTRO ANTALYA-да бәсеке өте жоғары болған.

«Көптеген елдің командалары күрделі авторлық жұмыстарын ұсынды. Бірақ біздің студенттер қазақы дәстүрді, технологияны және кәсіби орындауды үйлестіре білді. Бұл – олардың басты артықшылығы. Студенттерге әрдайым айтамыз: жасаған дүниеңде қазақтың үні естіліп тұруы керек. Біздің бұйымдарымыз ұлттық өрнек пен эстетиканы жеткізеді. Халықаралық қазылар алқасы мұны жоғары бағалайды».

Жеңістен кейін колледж халықаралық деңгейдегі жаңа шақырулар мен ұсыныстар алып жатыр. Бұл Технологиялық колледждің ғана емес, елдегі кәсіби білім беру жүйесінің беделін арттыра түседі.

Болашақ мамандарға Разбекова былай дейді:

«Еңбектенуден қорықпаңыздар. Наубайшылық – ұқыптылықты, шыдамдылықты және жүрек қалауымен жасалатын өнер. Шынайы ниет пен табандылық болса, міндетті түрде нәтижеге қол жеткізесіздер».

GASTRO ANTALYA-дегі бұл жеңіс – медальдан да биік мәртебе. Бұл – қазақстандық наубайшылық мектебінің әлемдік деңгейде мойындалуы.

Технологиялық колледждің шеберлері ұлттық дәстүрді, жаңа технологияны және шығармашылық идеяны үйлестіре отырып, әлемдік гастрономия кеңістігінде өз орнын нығайтып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗