Референдум-2026

Елордада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысы уақытша жабылады

Бүгін, 08:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысы уақытша жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Р. Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралықта Төле би көшесін салу» жобасы аясында жол жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 16 шілде - 20 тамыз аралығында Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.

Бұл кезеңде жүргізушілер келесі бағыттарды пайдалана алады:

- Тұран даңғылынан Е54 көшесі арқылы Төле би көшесіне дейін;

- Ұлы Дала даңғылынан жергілікті жол арқылы Төле би көшесіне дейін.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы кезінде уақытша өзгерістерді ескерулері сұралады.