Header Banner

Елордада спорт басқармасының басшысы мәслихат сайлауында дауыс берді

Бүгін, 13:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада спорт басқармасының басшысы мәслихат сайлауында дауыс берді
Фото: Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Бүгін Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит өз сайлау учаскесінде мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Сайлау – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға.

Сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы әрі азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Біз дауыс беру арқылы елорда тұрғындарының мүддесін қорғайтын, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, соның ішінде дене шынықтыру және спорт саласының өркендеуіне қатысты шешімдер қабылдайтын халық өкілдерін таңдаймыз.

Бүгін мен де өз таңдауымды жасап, азаматтық ұстанымымды білдірдім», – деді Василий Левит.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астана әкімі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді.