Астанада мәслихат депутаттарын сайлау барысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Бүгін көру қабілеті бұзылған азаматтар елордада сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Елордадағы сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолайлы орта қалыптастырылған.
Атап айтқанда, учаскелер пандустармен, тактильді көрсеткіштермен және мүгедектер арбасын пайдаланатын азаматтарға бейімделген арнайы кабиналармен жабдықталған. Көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға дауыс беру кезінде арнайы трафарет ұсынылады. Сонымен қатар есту қабілеті бұзылған азаматтарға сурдоаудармашы қызмет көрсетеді.
Сайлау учаскелерінде еріктілер де кезекшілік етіп, азаматтарға қажетті көмек көрсетуде. Ал дауыс беру орнына өздігінен келе алмайтын тұрғындар үшін инватакси қызметі ұйымдастырылған.
Айта кетейік, елордадағы 446 сайлау учаскесінде барлық азаматтың сайлау құқығын тең жағдайда жүзеге асыруына мүмкіндік жасалған.
Еске салсақ, елордада ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың дауыс беруіне жағдай жасалды.

