Референдум-2026

Елордада Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған музыкалық челлендж басталды

Бүгін, 10:45
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордада Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған музыкалық челлендж басталды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бүгін қазақтың көрнекті композиторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай елорданың мәдениет қайраткерлері шығармашылығына арналған музыкалық челлендж бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтың танымал шығармаларын орындап, әлеуметтік желілерде бейнероликтер жариялап, музыкалық эстафетаны бір-біріне жолдап жатыр.

Челлендж композитордың шығармашылық мұрасы арқылы әр буын өкілін тоғыстырады. Оның туындылары бүгінде қазақтың музыкалық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды.

Еске салсақ, бүгін Мемлекеттік Гимн авторы, Қазақстанның халық әртісі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың дүниеге келген күні. Осы күнге орай тілшіміз елордадағы Е.Серкебаев атындағы №3 Балалар музыка мектебінің директоры, «Айналайын» балалар хорының жетекшісі Гүлмира Жангелдімен сұхбаттасқан еді.