Елордада қала маңына қатынайтын 5 автобус бағдары тоқтатылды

Елордада қала маңына қатынайтын 5 автобус бағдары тоқтатылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Сағат 10:50-ден бастап қала маңына қатынайтын 5 автобус бағдары тоқтатылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.

«Ауа-райының нашарлауына және бірқатар тасжолдың жабық болуына байланысты № 305, 312, 315, 316, 327, 329 қала маңы бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды», делінген хабарламада.

Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда.