Астанада мекеме ішінде қорқор шеккен азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырды
Астанада қоғамдық орындарда қорқор (кальян) шегуге қарсы рейдтер жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарда қорқор шегудің алдын алуға және тыйым салынған фактілерді анықтауға бағытталған рейд өткізіп жатыр.
Жыл басынан бері қорқор мен темекі өнімдерін заңмен тыйым салынған орындарда тұтынуға байланысты шамамен 1 200 құқық бұзушылық тіркелді.
Кезекті рейд барысында полиция қызметкерлері қаладағы мекеменің бірінде заң бұзушылықты анықтады. Рейд кезінде келушінің бірі ғимарат ішінде қорқор шеккені белгілі болды, бұл – қолданыстағы заңнамаға қайшы. Аталған азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Еске саламыз, Қазақстанда дәмхана, мейрамхана, бар, клуб және басқа да қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған. Бұл азаматтардың денсаулығын қорғауға және никотинді тұтынудың зиянын азайтуға бағытталған.
Бұған дейін Түркістан облысында заңсыз темекі өндірген астыртын цехтардың жұмысы тоқтатылғанын жаздық.