Елордада «Нұрлы жол» вокзалына баратын көше уақытша жабылды

Бүгін, 14:41
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада «Нұрлы жол» вокзалына баратын көше уақытша жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада А.Байтұрсынұлы көшесінің А 52 көшесінен С.Шәймерденұлы көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 30 мамыр 1 маусым аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, елордада бес автобустың қозғалыс бағыты өзгерді.