Елордада мас күйінде көлік жүргізген әйел қайта ұсталды – ВИДЕО
Астанада полиция қызметкерлері Республика мен Дүкенұлы көшелерінің қиылысында Kia Cerato автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тексеру барысында жүргізушінің мас күйінде екені сот-медициналық сараптама қорытындысымен анықталды.
«Тексеру барысында аталған азаматтың бұған дейін де мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
Осыған байланысты оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды», - делінген хабарламада.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.
Еске салсақ, елордада түнгі тыныштықты бұзған мотоцикл жүргізушілері жазаланды.