Қатты аязға байланысты екінші ауысымның оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.
Еске салсақ, бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері де сабақты қашықтан оқыды.