Елордада Бердібек Сокпақбаев көшесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады

Елордада Бердібек Сокпақбаев көшесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада Бердібек Сокпақбаев көшесінде көлік қозғалысы ішінара жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен келісім бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Б. Сокпақбаев көшесінде (Ш. Бейсекова көшесінен «Аурика» жанармай құю бекетiне дейінгі аралықта) инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары басталады», делінген хабарламада.

Осыған байланысты 17 ақпан мен 15 наурыз аралығында аталған учаскеде жол қозғалысы көшенің бір жағымен ұйымдастырылады.

Еске сала кетсек, Астанадан қыс басталғалы 5 млн текше метрден астам қар шығарылды.