03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада асаба болып қызмет ұсынған алаяқ анықталды

|
Photo: фото: Polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада асаба болып қызмет ұсынған алаяқ анықталды

|
Photo: фото: Polisia.kz

Астанада той жүргізушісі болып қызмет ұсынған алаяқ анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада алаяқтық дерегі бойынша полицияға тұрғындардың бірі арыз түсірді. Жәбірленуші белгісіз азаматқа той жүргізу қызметі үшін алдын ала төлем жасап, ақыры алданып қалғанын хабарлаған.

Оқиға былай болған: азамат «OLX» онлайн-платформасынан тамада қызметіне қатысты жарнаманы көріп, көрсетілген нөмірге хабарласқан. Кейін екеуі жеке кездесіп, алдағы іс-шараның барлық егжей-тегжейін талқылаған. Содан кейін «асаба» ретінде өзін таныстырған ер адам қызметі үшін 70 мың теңге көлемінде алдын ала төлем сұрап, қаражатты алған соң байланысқа шықпай, жәбірленушінің нөмірін бұғаттап тастаған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктінің елорда аумағында осыған ұқсас өзге де алаяқтық деректеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полиция департаменті азаматтарды интернет арқылы ақылы қызметтерді рәсімдеу кезінде барынша сақ болуға және бейтаныс тұлғаларға сеніп, алдын ала төлем жасамауға шақырады. Қандай да бір күмән туса, құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.
 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗