Елордада алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу ұйымдастырылды

7 қазан, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елордада алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу ұйымдастырылды

«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен бірлесіп Ардагерлер кеңесінің өкілдері мен белсенді зейнеткерлерге алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Сарыарқа» ауданының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың қоңыраулары мен хабарламаларын ажырату, жеке және банктік деректерді қорғау, сондай-ақ күмәнді жағдайларда әрекет ету алгоритмі түсіндірілді.

Сонымен қатар, дропперлік үшін көзделген жауапкершілік және алаяқтық салдарынан келтірілген залалды өндірудің құқықтық тетіктері жөнінде ақпарат берілді.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты – азаматтардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттырып, алаяқтықтың құрбаны болудың алдын алу.