Elorda aqparat медиахолдингінің директоры Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін, 18:32
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Elorda aqparat медиахолдингінің директоры Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды
Фото: AMANAT партиясы

AMANAT партиясының орталық аппаратында жаңа Конституцияның қабылдануына орай бір топ белсенді азамат марапатталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Президенттің атынан берілген Алғыс хатты AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек табыстады. 

Жаңа Конституция жобасы ұсынылған республикалық референдумға ақпараттық қолдау көрсеткен Elorda Aqparat медиахолдингінің директоры Олжас Сыдықбек те Мемлекет басшысының Алғыс хатын иеленді. 

«Бұл мемлекеттік саясатты қолдаудағы ұжымның үйлесімді атқарған жұмысының нәтижесі деп білемін. Алдағы уақытта да бүкіл халық болып қолдаған жаңа Ата заңымыздың аясында мемлекеттің тұрақты дамуына қызмет ете бермекпіз», - деді Олжас Сыдықбек.