Референдум-2026

Елімізге Ресейден әкелінген төрт амур жолбарысына ат қойылды берілді

10 маусым, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізге Ресейден әкелінген төрт амур жолбарысына ат қойылды берілді
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан мен Ресей тараптарының бірлескен шешімі аясында жолбарыстарға екі елдің ынтымақтасты мен жобаның Орталық және Шығыс Азия табиғатымен тарихи байланысын білдіретін есім берілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, аталық жолбарысқа — Амур, аналық жолбарысқа — Үміт, еркек шөнжікке — Тұран, ұрғашысына — Уссури есімдері берілді.

Қазақстанға жеткізілген соң жолбарыстар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының арнайы дайындалған вольерлеріне орналастырылды. Қазіргі уақытта олар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің тұрақты бақылауымен бейімделу кезеңінен өтуде. Жануарлар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Алдағы уақытта бейімделу кезеңі мен жануарлардың жағдайын кешенді бағалау аяқталған соң оларды табиғи ортаға жіберуге дайындық жүргізіледі. Босатар алдында жолбарыстарға спутник қарғыбау тағылады. Бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауға және мамандардың жедел көмек беруін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Еске салсақ, Ресейден Қазақстанға төрт амур жолбарысы жеткізілген болатын.