05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Еліміздегі 58 жатақханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

|
Photo: Фото: instagram.com/jenis_qasymbek
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Еліміздегі 58 жатақханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

|
Photo: Фото: instagram.com/jenis_qasymbek

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы мәселесіне тоқталып өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның хабарлауынша, қазір заманауи дизайны бар, жасыл кампус тұжырымдамасымен және шетелдік студенттік резиденциялар форматына сәйкес келетін жатақханалар салуға мүмкіндік бар.

Мұндай жатақханалар Астана, Алматы, Петропавл қалаларында биыл пайдалануға берілді. 

«Мысал ретінде НАРХОЗ университетін айтуға болады. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қозыбаев университеті, Алматы қаласындағы Халықаралық білім корпорациясы. Ал, жатақханалардың корпустары жайында айтатын болсақ, жаз айларында жоғары оқу орындарының 58 нысаны күрделі жөндеуден, 560-тан астам нысан ағымдағы жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар оқу ғимараттары мен жатақханаларда бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл түймелері, өртке қарсы құралдар орналастырылған», - деді вице-министр.

Жалпы, жоғары оқу орындары жаңа оқу жылын бастауға дайын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗