Елімізде жыл басынан бері 686 шақырым теміржол жаңартылды
Биылғы жартыжылдықта елде 686 км жол жөнделді. Маусымның соңына дейін 1 577 км-ды жаңарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚТЖ мәліметінше, жолдарды жөндеу қозғалыс қауіпсіздігін және пойыздар жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Осыған орай биыл желінің бірнеше учаскелерінде қозғалыс жылдамдығын: «Тальго» вагондары бар пойыздар үшін 400 км жолға, басқа жолаушылар пойыздары үшін – 500 км, контейнерлік және жүк пойыздары үшін – 350 км арттыру жоспарланып отыр.
Жолдың жоғарғы құрылымын жаңғырту да жалғасуда. 2026 жылы ағаш шпалдардағы 268 км жол серпімді бекіткіштері бар темірбетон шпалдарға ауыстырылады. Бұл шешім жолды сенімдірек әрі берік етіп, жолтабандардың ұзақ сақталуына көмектеседі, дірілді азайтады және пойыздардың жайлы қозғалысын қамтамасыз етеді.
Ал теміржол инфрақұрылымының жай-күйін мамандар қазіргі заманғы функцияларды біріктіретін жол өлшегіш вагондар мен дефектоскоп вагондарының мобильді диагностикалық кешендері көмегімен бақылайды. Олар рельстердегі ақауларды тез анықтауға мүмкіндік береді, бұл пойыздар қауіпсіздігін арттырады.
Сондай-ақ, инфрақұрылымды жаңарту бойынша дәйекті жұмыс қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беруде. 2025 жылы 1 480 км жоспармен 1 575 км жол жөнделді. Үш жыл ішінде - 2023 жылдан 2025 жылға дейін 4 448 км теміржол жолы жаңартылды, бұл жоспарланған көлемнен 234 км артық.
Жүргізілген жұмыстар арқасында теміржол желісінің техникалық жағдайы жақсарды. Пойыздар жүру жылдамдығы жалпы ұзындығы 610 км учаскеде артып отыр, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін елімізде үш ірі теміржол жобасының құрылысы қарқынды жүріп жатқанын жаздық.