Елімізде төрт жылда дәрі-дәрмек сатып алудан 70,5 млрд теңге үнемделді
Сатып алуды тиімді басқару, логистикалық бағыттарды жаңғырту және дәрілік заттарды дербестендірілген есепке алу жүйесін енгізу нәтижесінде 2023 жылдан бері үнемдеу көлемі 3 еседен астам өсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, үнемделген қаражат медициналық ұйымдардың өтінімі бойынша пациенттердің қосымша қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Баға белгілеудің жаңа жүйесі, бірыңғай дистрибьютор қоймаларындағы қалдықтарды есепке алу және сауда атаулары мен дозаларды таңдаудағы икемді тәсілдің арқасында жүйе соңғы үш жыл бойы үнем көрсеткішінің тұрақты өсуіне қамтамасыз етті.
«Мәселен, 2023 жылы қорларды есепке ала отырып сатып алынған 1571 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша 21,5 млрд теңге үнемделді.
2024 жылы жұмыс ауқымы кеңейіп, 1 596 дәрі-дәрмекті сатып алу нәтижесінде үнемнің көлемі 50 млрд теңгеге дейін артты.
2025 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп, 1 711 өнімді сатып алу мемлекет бюджеті үшін 70,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді», делінген хабарламада.
Баға белгілеу жүйесін реформалау нәтижесінде ТМККК және МӘМС аясында дәрілік заттардың шекті бағасы орта есеппен 15%-ға, ал көтерме және бөлшек сауда сегментінде орта есеппен 26%-ға төмендетілді.
Еске сала кетсек, Щучинскіде дәмханадағы өрт кезінде зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды.