Елімізде мемлекеттік құпияларды сақтауға қатысты жауапкершілік күшейтіледі

Бүгін, 11:01
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елімізде мемлекеттік құпияларды сақтауға қатысты жауапкершілік күшейтіледі
Фото: freepik.com

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бұл құжат мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бақылауды күшейтуге, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің өкілеттігін кеңейтуге бағытталған.

Атап айтқанда, егер мемлекеттік құпияны сақтау талаптарын бұзғаны үшін жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде тиісті талап тағы бұзылған жағдайда жауапкершілік енгізу ұсынылды.

Бұған дейін депутаттар алимент міндеттемелерін орындауды жетілдіру мәселелерін қарастырды.