Референдум-2026

Бір апта ішінде елімізде алма мен жаңа піскен көкөністердің бағасы төмендеді

Бүгін, 12:09
Думан Аманжол Думан Аманжол
Бір апта ішінде елімізде алма мен жаңа піскен көкөністердің бағасы төмендеді
Фото: Ұлттық статистика бюросы

19 тамыздағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Апта ішінде пияздың бағасы 4,9%, картоп 4,1%, алма 2,7%, ақ қауданды қырыққабат 2,2%, сәбіз 1,9%, қияр 1,5%, қой еті, оның ішінде сүйексіз ет 0,6%, қызанақ 0,4% арзандады.

Есепті аптада бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының, қаймақтың, сары майдың және тұздың бағасы өзгеріссіз қалды.

«Өңірлік бөліністе еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қарағандыда – 0,7%-ға, Көкшетау мен Өскеменде – 0,5%-ға, Қонаевта – 0,4%-ға, Жезқазған мен Талдықорғанда – 0,3%-ға төмендеді», - делінген хабарламада.

Астана, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Петропавл және Семей қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 келісіне 188 теңгені құрады. Бұл ретте ең төмен баға Түркістан қаласында – 135 теңге деңгейінде тіркелді.

Картоптың республика бойынша орташа бағасы 1 келісіне 248 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Павлодарда – 180 теңге, Түркістанда – 218 теңге деңгейінде қалыптасты.

Ел бойынша алманың орташа бағасы 1 келісіне 776 теңгені құрады. Ең төмен баға Шымкент қаласында – 639 теңге деңгейінде тіркелді.

Еске салсақ, Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар.