Елімізде 14 ақылы жолдың учаскесінде төлемақы аз төленеді

Елімізде 14 ақылы жолдың учаскесінде төлемақы аз төленеді
Фото: Көлік министрлігі

29 қаңтардан бастап республикалық маңызы бар 14 ақылы жол учаскесінде төлемақы есептеу тәртібі жаңарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Ақауы анықталған жолдың бөлігінде уақытша ақылы қашықтықтан алынып тасталады. Соның нәтижесінде жүргізуші төлейтін сома төмендейді.

«Бұл шешімнің мәні қарапайым: ақы тек талапқа сай, қауіпсіз жол бөлігі үшін ғана алынады. Ал ақауы бар тұстар толық қалпына келтірілгенге дейін тарифке кірмейді», діленген хабарламада.

Жолдың өзі ақылы болып қала береді, бірақ төлем мөлшері төмендетіліп есептеледі. Төлем жүйесі бәрін автоматты түрде жүргізеді: ақауы бар бөліктерді өзі есептен шығарып, төлемді жаңаша шығарады.

«Тарифті осылайша уақытша өзгерту ақаулар толық жойылғанға дейін сақталады. Ал ақауларды жөндеу биыл жол-құрылыс маусымы басталысымен қолға алынады», делінген хабарламада.

Төлем қайта есептелетін 14 учаске:

1. Көкшетау – Петропавл
2. Павлодар – Семей – Қалбатау
3. Павлодар – Омбы
4. Астана – Теміртау
5. Алматы – Қонаев
6. Қонаев – Талдықорған
7. Шымкент – Қызылорда
8. Орал – Самара
9. Орал – Саратов
10. Астана – Павлодар
11. Қызылорда – Арал
12. Ақтөбе – Орынбор
13. Қостанай – Троицк
14. Тараз – Қайнар

Еске сала кетсек, Семей–Қайнар автожолында вахтаға бара жатқан 50 жолаушысы бар автобус аударылды.