Биыл елімізде 3 мың шақырымға жуық теміржолдың магистральдық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарланған. Соның үштен бірі орындалып, ұзындығы 1 003 шақырым учаске жаңартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолдары» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Қытаймен шекарадағы халықаралық көлік дәлізінің негізгі буыны болып саналатын «Алтынкөл – Жетіген» және «Сексеуіл – Қызылжар» стратегиялық маңызды бағыттарағы жекелеген теміржол учаскелерін жаңғырту аяқталды.
Сонымен қатар, «Ақсу – Жаңа-Семей» (129 шақырым) теміржол учаскесін жаңғыртудың бірінші кезеңі жүзеге асырылды. Жұмыс жоспарланған кестеге сәйкес іске асырылып жатыр.
Еске сала кетсек, жазда қосымша 15 теміржол бағытын іске қосылады.