Елде обырдан болатын өлім бес жылда 20%-ға төмендеді – министрлік

Бүгін, 11:14
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Елде обырдан болатын өлім бес жылда 20%-ға төмендеді – министрлік
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Соңғы бес жылдың ішінде Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім 20%-ға төмендеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Мұндай нәтижелерге 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде қол жеткізілді.

Негізгі нәтижелер
* 2025 жылы обырдың 42 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді (анықтауды жақсартудык есебінен 5 жылдағы орташа көрсеткішке+7,8%).
* Динамикалық бақылауда-246 205 пациент, оның 55%-дан астамы еңбекке қабілетті жастағы адамдар.
* 5 жыл немесе одан да көп өмір сүретін пациенттердіғ үлесі 63%-ға дейін өсті.
* Ерте диагностика деңгейі 33%-дан асты.
* Өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 61 жағдайға дейін төмендеді.

Не істелді
* Онкологиялық қызметке 30,4 млрд теңге бағытталды.
* 6 жаңа сызықтық үдеткіш енгізілді, сәулелік терапиямен қамту 61%-ға жетті.
* Емдеудің заманауи әдістері енгізілді: адаптивті және 4D-сәулелік терапия.
* Қызылорда мен Ақтауда 2 ПЭТ/КТ орталығы ашылды.
* Мақсатты және иммундық-онкологиялық препараттарға қолжетімділік кеңейтілді (7 атау).
* 17 онкология орталығында Госпитальдық фармация орталықтары жұмыс істейді.
* Асқазан-ішек жолдарының обырын ерте анықтау үшін 19 эндоскопиялық сараптама орталығы құрылды.

Алдын алу және қол жетімділік
* Онкоскринингтер барлық сақтандырылмаған халыққа қолжетімді.
* 2026 жылдан бастап төмен дозалы КТ және ЖИ қолдану арқылы өкпе обырының пилоттық скринингі басталады.
* Шалғай өңірлерде жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істейді, олардың желісі кеңейіп келеді.

Кадрлар және халықаралық тәжірибе
* Түркия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қырғызстанның жетекші онкология орталықтарымен ынтымақтастық орнатылды.
* 35 маман шетелде оқудан және тағылымдамадан өтті.
Кешенді жоспарды іске асыру алдын алу мен ерте анықтаудан бастап жоғары технологиялық емдеумен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге дейінгі жүйелі тәсілді құруға мүмкіндік берді.

Биыл дәрі-дәрмек сатып алуда 85 млрд теңге үнемделгенін жаздық.