Елде алдағы үш жылда 200-ден астам агроөнеркәсіптік жоба қаржыландырылады
15 қыркүйек, 2025
Фото: primeminister.kz
Елімізде үш жылдық кезеңде жалпы сомасы 1,2 трлн теңге болатын 200-ден астам агроөнеркәсіптік жоба қаржыландырылатын болады, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды таныстырды.
Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестицияларға тапсырыс» бастамасы аясында 5%-дық жеңілдетілген кредит беру бағытын кеңейту жоспарланып отыр, ал «Даму» қоры агробизнестің қарыздарына 80%-ға дейін кепілдік беретін болады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатындағы жерлерді беруге арналған конкурстар электронды түрде комиссияның қатысуынсыз өткізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:46
Еуразия даму банкінің 2027-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді
Бүгін, 08:51
Павлодарда өткен Жобалық кеңсенің отырысында жылу маусымына дайындық пен Ұлттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды
24 маусым, 2026
Олжас Бектенов «Жазғы Давос» экономикалық форумына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізді
23 маусым, 2026
Олжас Бектенов Қытай премьерімен екіжақты ынтымақтастықты талқылады