Референдум-2026

Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

Бүгін, 15:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Фото: uww.org

Халықаралық дзюдо федерациясы Эквадордың Гуаякиль қаласында өтетін кадеттер арасындағы әлем чемпионатына қатысушылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының өтініміне 20 спортшы енді.

Ұлдар

50 келіге дейін: Бекарыс Құдайберген, Әділжан Нұрбекен

55 келіге дейін: Бақдәулет Ізбасар

60 келіге дейін: Расулхан Ғабит, Ахмет Баубек

66 келіге дейін: Ерік Үсенов

73 келіге дейін: Бекәлі Еркен

81 келіге дейін: Әлижан Сайлаубеков

90 келіге дейін: Шыңғыс Қонысбек

90 келіден жоғары: Әділжан Жаудинов

Қыздар

40 келіге дейін: Жанел Айтбай, Адия Жанахмет

44 келіге дейін: Рамина Әбішева

48 келіге дейін: Иянат Жұбатқан, Зере Талғатқызы

52 келіге дейін: Фатима Сүпіғалиева

57 келіге дейін: Інжу Жұмажан, Еркеназ Сембек

63 келіге дейін: Азима Серік

70 келіден жоғары: Тоғжан Төлебай

Әлем чемпионаты 20-23 тамыз аралығында өтеді.

Бұған дейін дзюдодан Азия ойындарына қатысатын спортшылар белгілі болғанын жаздық.