Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты қай жерде өтетіні белгілі болды
Дзюдодан 2028 жылғы әлем чемпионаты Лозаннада (Швейцария) өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Әлем чемпионатын өткізу туралы ресми келісімге Лозаннадағы Grand Slam турнирі кезінде қол қойылды.
Лозанна әлем чемпионатын 55 жылдан кейін қайта қабылдамақ. Бұған дейін Швейцария қаласында әлем чемпионаты 1973 жылы өткен. Ол кезде жүлделер тек ерлер арасында сарапқа салынған.
2028 жылғы турнир Лос-Анджелес Олимпиадасының алдында өтеді. Әлем чемпионаты Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдерінің бірі болмақ.
Айта кетейік, 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді. Дүбірлі дода Астанада ұйымдастырылып, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама беретін іріктеу жарыстарының бірі болады.
Бұған дейін маунтинбайктан 2026 жылғы Азиадада бақ сынайтын ел құрамасы белгілі болғанын жаздық.