Маунтинбайк: 2026 жылғы Азиадада бақ сынайтын ел құрамасы белгілі болды

3 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Маунтинбайк: 2026 жылғы Азиадада бақ сынайтын ел құрамасы белгілі болды
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Басты құрлықтық додада ел намасын Денис Сергиенко, Евгений Фёдоров, Татьяна Генелева және Юлия Ли қорғайды.

Айта кетейік, Азия ойындары аясында маунтинбайк сайыстары 24 қыркүйекте басталады.

Еске салсақ, Абзал Тұлыбеков көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алды.