Денсаулық сақтау министрлігі 400-ге жуық стоматологияны тексерді

Денсаулық сақтау министрлігі 400-ге жуық стоматологияны тексерді
Фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі ел бойынша стоматологиялық клиникаларды жоспардан тыс тексеруді жалғастырды . Бұл жұмыс Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық департаменттері арқылы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тізімге енген 622 клиниканың 392-сі тексеріліп, 103-інде заңбұзушылықтар анықталмаған. Қызметін тоқтатқан 174 нысанның 56-сы лицензиясын ерікті түрде қайтарды.

Жекелеген жағдайларда клиникалар 30-90 күнге дейін уақытша жабылып, кейбір медицина қызметкері 30 күнге дейін жұмыстан шеттетілді.

Тексерулер медициналық стандарттардың сақталуы, лицензиялық талаптар және мамандардың біліктілігіне бағытталған. Негізгі мақсат – пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, стоматологиялық қызмет сапасын арттыру.

Бұған дейін МӘМС жүйесінде қандай кешенді шаралар қабылданғанын жазған болатынбыз.