Денис Тен мемориалында Оңтүстік Корея спортшысы жеңімпаз атанды
4 қазан, 2025
Фото: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында әйелдер арасындағы жекелей сайыста үздіктер анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оңтүстік Корея өкілі Ли Хэ Ин алтын медаль жеңіп алды. Спортшы жалпы есепте 196.84 ұпай жинады.
Айта кетейік, ол 2023 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.
Оңтүстік Корея спортшысы Юн Асун күміс медаль иеленді (174.37 ұпай). Қола жүлде Канададан келген Маделин Щижасқа бұйырды (164.39 ұпай).
Қазақстандық спортшылардың нәтижелері: Амира Ирматова – 6-орын (137.15 ұпай), Нұрия Сүлеймен – 7-орын (124.40 ұпай), София Фарафонова – 9-орын (104.50 ұпай), Вероника Коваленко – 10-орын (86.12 ұпай), Русалина Шакрова – 11-орын (74.71 ұпай).
Ұқсас жаңалықтар
22 наурыз, 2026
Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Астана тұрғындарына тілегін арнады
22 наурыз, 2026
Боксшы Нұрбек Оралбай Наурыз мейрамына өз тілегін арнады
21 наурыз, 2026
Ауыр атлет Едіге Емберді Наурыз мейрамына қатысты жылы лебізін білдірді
21 наурыз, 2026
Шорт-трекші Абзал Әжғалиев елордалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады