Дауыс беру учаскесін ЖСН арқылы қалай табуға болады

Дауыс беру учаскесін ЖСН арқылы қалай табуға болады
Фото: freepik.com

ҚР Орталық референдум комиссиясы дауыс беру үшін учаскелерді анықтауға арналған сервисті іске қосты, деп хабарлайды Elordainfo.kz комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 наурызда өтетін республикалық референдумда дауыс беру үшін учаскелерді анықтауға арналған «ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз» сервисі іске қосылды. 

Өз учаскеңізді келесі сілтемелер бойынша біле аласыз:

https://www.gov.kz/referendum?lang=kk

https://referendum2026.gov.kz/kk

https://referendum.gov.kz/kk

Еске салсақ, бұған дейін 15 наурызда референдум күні тіркелген жерінен басқа жаққа барған азамат есептен шығару куәлігі арқылы дауыс бере алатынын хабарладық.