Референдум: Тіркелген жерінен басқа жерде жүргендер қалай дауыс береді

Референдум: Тіркелген жерінен басқа жерде жүргендер қалай дауыс береді
Фото: freepik.com

15 наурызда референдум күні азамат өзі тіркелген жерден басқа жерге баратын болса қалай дауыс бере алады? Бұл сұраққа Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы жауап берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Ол үшін 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi. Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады.  Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді», делінген хабарламада.

Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді. Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.

Бір елдімекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді. Толық ақпарат алу үшін өзіңіздің елді мекеніңіздің әкімдігінің call-орталығына хабарласуға болады.

Еске сала кетсек, Астанада сайлау учаскесін қалай анықтауға болатынын хабарладық.