Дәріханаларда тегін берілуі тиіс 4 мыңнан астам препараттың сатылғаны анықталды

Дәріханаларда тегін берілуі тиіс 4 мыңнан астам препараттың сатылғаны анықталды
Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер айналымында заңбұзушылық болғанын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz. ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство дәрілік заттардың айналымын таңбалау жүйесін пайдалана отырып талдау жүргізді. Аналитикалық платформаның деректеріне сәйкес, елдегі дәріханаларда мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде қамтамасыз етуге арналған 4 114 препараттың сатылғаны анықталды.

«74 нысан жоспардан тыс тексерілді. Нәтижесінде 31 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12,3 млн теңге айыппұлдар салынды, 43 ұйымға кемшілікті жою туралы ұйғарым берілді. Науқастарға тегін медициналық көмек аясында берілетін дәрілердің заңсыз сатылғаны анықталды. Бірқатар жағдайда медициналық ұйымдар арқылы берілген препараттар дәріхана желісіне түскені белгілі болды», делінген хабарламада.

Олардың арасында инфузияға арналған натрий хлориді мен глюкоза ерітіндісі, антибиотиктер және созылмалы ауруларды емдеуге арналған препараттар бар.

Цифрлық экономиканы дамыту орталығының ақпараты бойынша, таңбалау кодын пайдалануда жүйелі кемшіліктер тіркелген. Кодті 35 537 рет қайта шығару, бір кодты қатысушылардың 480 752 рет пайдалануы анықталған, сондай-ақ 1 140 нысан 15 614 кодты қайтадан айналымнан шығарғаны белгілі болды.

Анықталған материалдар Қаржылық мониторинг агенттігіне мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жіберілді. Қазір фактілер қосымша тексеріліп жатыр.

Еске сала кетсек, елімізде дәрілік заттарды тіркеу және нарыққа шығару үдерісі жеделдетіледі.